Сингапурда коронавирусқа қарсы егілмегендер өз есебінен емделеді
Сингапур үкіметі 8 желтоқсаннан бастап вакцинациядан өтпеуге шешім қабылдаған тұрғындарға коронавирусты емдеуге ақы төлемейді .
"Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялануы мүмкін, бірақ одан бас тартқан COVID-19 пациенттерін емдеу үшін ақы алуы керек. Шара 2021 жылдың 8 желтоқсанынан бастап енгізіледі", — деді Сингапурдың Денсаулық сақтау министрі Онг Е Кунг.
Ел билігінің бұйрығымен 12 жасқа дейінгі балалар және медициналық себептерге байланысты COVID-19 вакцинациясын жасай алмайтындар мемлекет есебінен емделетін болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через