Роналдудың Үндістандағы мүсініне жергілікті халық наразы

Роналдудың Үндістандағы мүсініне жергілікті халық наразы
фото: https://turkystan.kz

Роналдудың Үндістандағы мүсініне жергілікті халық наразы

Гоа штатында әлемдегі ең танымал футболшылардың бірі Криштиану Роналдудың мүсіні орнатылды. Алайда, жергілікті халық бұл мүсіннің орнатылғанына наразы. Оның басты себебі – 1961 жылға дейін Гоа штаты Португалияның колониясы болған.

Роналдудың мүсіні Калангут қаласында орнатылған. Алтын түспен жалатылған тас мүсіннің салмағы – 410 килограмм. Ал оны жасауға 16 мың АҚШ доллары жұмсалған.

«Криштиану Роналдудың мүсіні Үндістан жерінде алғаш рет орнатылып отыр. Жергілікті жастардың сұранысымен және елімізде футболды дамыту мақсатында осындай қадамға бардық», – деді Гоаның Білім және технология министрі Майкл Лобо «Twitter»-дегі парақшасында.

Атап айтар болсақ, егер Үндістан тек 150 жыл Ұлыбританияның отары болса, Гоа территориясы 450 жыл бойы Португалияға бағынышты болған. Сондықтан да жергілікті халық португалдықтарды ұнатпайды.

 

Мәтіндегі ақпарат туралы