фото: Ашық көздерден
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қытаймен уәде етілген визасыз режим неліктен әлі күнге дейін күшіне енбегенін түсіндірді.
Оның айтуынша, қытайлық тарап Қазақстан мен ҚХР үкіметтерінің арасындағы келісім ратификациясын күтіп отырған көрінеді. Онда екі елдің азаматтары туралы мәліметтер болады.
"Қытай жағы қазір визасыз режим іске қосылса екі жақтан да азаматтар ағыны көбейетінін түсініп отыр. Заңсыз көші-қон болдырмасы үшін, шарттардың бірі ретінде келісімді көрсеткен. Ратификацияланған жағдайда, келісімде жүзеге асырылады. Осы заң қабылданғаннан кейін визасыз режим енгізіледі", - дейді Игорь Лепеха Сенат кулуарында.
ІІМ басшысының орынбасары заң екі ел жариялағаннан кейін 10 күн өткенде күшіне енетінін айтты.
Дереккөз tengritravel.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через