Шанхай шаһарында 6 кәсіпорынға өздігінен жүретін такси қызметіне рұқсат қағаз берілді.
Алғашында 20 көлік 1,5 мың шақырымнан аспайтын тәжірибелік жолдарда қатынайды. Олар сынақтан өткен. Шанхай қаласының көлік комиссиясы тапсырыстар жеткізу және көшелерді тазарту үшін өздігінен жүретін көлік құралдарын қолдану бағдарламасын әзірлегенін мәлімдеді.
Ши Вэй, Шанхай көлік комиссиясы департамент директорының орынбасары:
- Биыл тәжірибе ретінде 200 ақылды көлік құралын іске қосуға тырысамыз. 500 мың тапсырыс орындай аламыз ба, соны білгіміз келеді.
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/596651-ytajda-zdiginen-zh-retin-taksi-zhol-a-shy-ady
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через