Қытай ұшатын автокөлік шығарды

Қытай ұшатын автокөлік шығарды

Аспан асты елінің өнертапқыштары жол үстінде қалықтап ұшатын көлік шығаруға тырысып жатыр. Мамандар жаңа идеяны жүзеге асыру үшін темір жол технологиясын қолданбақ. Соның арқасында көлік дөңгелегі жерге тимейді. Техникаға ешқандай шұңқыр қауіп төндірмейді. Ал көлік сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Дөңгелекпен дәл осылай жүйітку мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Зерттеушілер 8 шақырымға созылған жол үстіне арнайы төсеніш орнатты. Ал автокөлікті магниттік тірекпен қамтамасыз етті. Көліктің доңғалағы жерден 35 см жоғары көтеріліп тұрады. Оны «ұшатын көлік» деп атауымыз үшін бұл көрсеткіш жеткілікті.     

Біз таңғалғанымызбен бәрі қарапайым. Жүйеге бірін-бірі итеретін магниттік өріс пайдаланылады. Осылайша магниттік өріс болат жолдың үстінде аса жылдамдықпен жүйіткуге мүмкіндік береді. Оған ештеңе кедергі бола алмайды. Бастысы көлік дөңгелегі жерге жанаспайды.

Мұндай ұшатын көлікпен ұзақ қашықтыққа  барып қайтқан дұрыс шығар. Бұрын 6 сағатта жүріп өтетін жолды небәрі 3 сағатта еңсереміз. Қандай тамаша! Әзірге мұның бәрі жоба, мамандар аталған көлікті жетілдіру, өндіріске ендіру үшін әлі  талай тер төгетіні сөзсіз.     

Ұшатын көліктің біздің елге қашан жеткізілетіні белгісіз. Сондықтан әзірге жерде жүретін көліктерді алуға турал келеді. Айтпақшы, бүгінгі таңда жаңа автокөлікті сатып алу мүлдем тиімсіз. Өйткені, артық ақша жұмсауға тура келеді. Қазір автомобистер 2-3 жыл бұрын шыққан көлікті жаңа деп санайды.

Егер сіз темір тұлпар сатып алғыңыз келсе, ең дұрысы қолданыстағыны іздеңіз. Сонда бастапқы бағаның шамамен 50% үнемдеп қаласыз.   

Ол үшін мынадай кеңестерге құлақ түрген жөн:

Біріншіден, қолыңыздағы ақшаңызды жоспарлаңыз. Өзіңізде көлік сомсынан бөлек, қосымша қаражат болсын. Өйткені, сіз іздеген бағаға жақсы көлік табылмауы мүмкін. Сондай-ақ, арзан бағамен көлік ұсынушылар көп. Олардан сақ болған жөн.  Сатылымға қойылған көліктерді алдын ала, ғаламтордан қарап шығыңыз, сонда уақытыңызды үнемдейсіз.

Екіншіден, нақты бір көлік түріне не үлгісіне қатып қалмаңыз. Дәл сол сәтте сіз қалаған көлікке қатысты ұтымды ұсыныстар  кездеспеуі мүмкін. Мүқият қараңыз, сараптаңыз, себебі нарық та, сонымен бірге, баға да үнемі құбылып тұрады. 

Үшіншіден, көлікті алдын ала міндетті түрде тексеріңіз. Оның жай-күйін нақты айтып бере алатын, техниканың тілін жетік меңгерген маман қызметіне жүгініңіз.

Төртіншіден, ертеңгі күнді де ойлаңыз. Егер оны сататындай бола қалсаңыз, ұтымды саудалай біліңіз. Сонда көлігіңіз сіздің темір тұлпарыңыз ғана емес, бағалы активіңізге айналады. 

Фото: китайские-автомобили.рф,  autozam.ru