Қырғызстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес және оның салдарын жою жөніндегі жедел штаб осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Кабар агенттігі.
2022 жылғы 1 мамырдан бастап елдің мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін қырғыз және шетел азаматтарынан ПТР тест пен вакцина паспорты талап етілмейді.
Бұдан басқа, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің алдағы отырысында Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 93-ө өкімінің (Төтенше жағдай режимін енгізу туралы) күші жойылды деп тануды көздейтін шешім жобасы енгізіледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через