Қазақстанда шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылады

Қазақстанда шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылады

     Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий келесі жылдың соңына дейін ұзартылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. 

     "Біз тиісті шешімді әзірледік. Ол мемлекет басшысының шешімімен қабылданды. Осылайша шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды", – деді Қуантыров мәжіліс кулуарында.

     Бұл ретте министр шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мораторийді пайдаланып, заңбұзушылыққа бармауы керек екенін атап өтті.

     "Егер ШОБ субъектісінің қызметі халықтың өмірі мен денсаулығына әсер етсе, мемлекет бірінші басшының шешімімен кез келген уақытта тексеріс жасауға құқылы", – деді ол.

     Айта кетcек, Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий 2020 жылдың қаңтарынан бастап 2023 жылдың қаңтарына дейін жарияланған болатын.

     Stan.kz