фото: https://sputnik.kz
Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастады
Ауыл шаруашылығы министрлігі 14 қыркүйектен бастап астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастады. Тиісті бұйрыққа ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қол қойды.
Осылайша, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алады.
Министрлік бұған дейін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бидай мен ұн экспортына квота енгізген болатын. Алайда әлемдік нарықтағы жағдай тұрақталып, елде астық шығымдылығының оң болжамынан кейін квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта республиканың барлық өңірінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр.
Әкімдіктердің мәліметінше, 11,3 миллион гектар астық жиналды, бұл жоспардың 69,8 проценті. Орташа өнімділігі 12 ц/га құрайтын 13,5 миллион тонна астық жиналды. Былтыр дәл осы уақытта орташа өнімділік 8,9 ц/га болды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через