фото: © AP Photo / Ariel Schalit
Қазақстан өз әскери теңіз күштерін суасты және әуеден шабуылдайтын дрондармен жабдықтауды жоспарланып отыр:
Ақтаудағы әскери теңіз базасында биыл атқарылған жұмыстарды қорытындылау барысында қорғаныс министрлігі әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Сәкен Бекжанов әлем елдерінде жүріп жатқан қарулы қақтығыстар дронның ұрыста тиімділігін байқатқанын айтты. «Ақтау және Құрлық портының қауіпсіздігін, сондай-ақ Транскаспий дәлізінің қазақстандық бөлігі арқылы жүк ағыны өтуін әскери теңізшілер қамтамасыз етеді. Әлем елдерінде теңіз инфроқұрылымына террорлық шабуыл жасау жиілеп барады. Осы тұрғыдан жауынгерлік флот елімізге судан келетін қатерге кез-келген уақытта қарсы тұруға дайын»,- деді Сәкен Бекжанов.
Айта керу керек, Қасым-Жомарт Тоқаев ел армиясының жауынгерлік қабілетін арттыру жөнінде нақты міндет қойғандықтан, әскери теңізшілер Каспийдің қазақстандық секторында дайындық деңгейін жетілдіріп жатыр. Жалпы әскерилер биыл бірнеше оқу-жаттығу өткізген.
Оның аясында әскери кемелер мен жағалау инфрақұрылымын суасты диверсиясыз басқарылатын ұшу аппаратынан қорғауға басымдық берілген.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через