Мысыр билігі COVID-19 вирусына шалдыққан туристердің медициналық шығындарын өтейді

Мысыр билігі COVID-19 вирусына шалдыққан туристердің медициналық шығындарын өтейді

               Мысыр елінің билігі елде демалған кезде коронавирус анықталған туристердің медициналық шығындарын өтейтінін мәлім етті.

               Егер ауру жеңіл формада өтіп, пациентті ауруханаға жатқызу қажет болмаса, шығындарды демалушы тұрып жатқан қонақүй өтейді. Егер вирусқа шалдыққан демалушыға стационар режимінде дәрігерлер көмегі керек болса, барлық шығындарды ел үкіметі өтейтін болады.

               COVID-19 вирусына шалдыққан саяхатшылардың тегін емі Шарм-эш-Шейх, Хургада немесе Каир қалаларының мемлекеттік ауруханаларында қамтамасыз етіледі