фото: https://kursiv.kz
Канадада билік вакцинацияланбаған азаматтарға салық салуға ниетті
Жаңашылдықтар Квебек провинциясына әсер етеді.
"Денсаулық сақтау жарнасы" деп аталатын салықты вакцинациядан бас тартқан адамдар төлеуі керек. Провинция Премьер-Министрінің айтуынша, бұл шаралар "бас тартушылардың” барлық тұрғындар үшін қаржылық ауыртпалық тудыруына байланысты қабылдануда.
Португалияда елге келген кезде коронавирусқа тестілеудің теріс нәтижесі болмаған 2200-ден астам саяхатшыға билік 1-10 қаңтар аралығында айыппұл салды. Аталған саяхатшыларға коронавирусқа тексерудің бастапқы теріс нәтижесінсіз кіруге рұқсат бергені үшін барлығы 41 авиакомпанияға айыппұл салынды.
Бірқатар елде коронавирусқа шалдыққандардың тәуліктік өсуі бойынша анирекордтар тіркелді: Францияда — 368 149 жағдай, Италияда — 220 532, Аргентинада — 134 439, Түркияда — 74 266, Болгарияда — 7 062 жағдай.
.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через