Ғалымдар "ақылды" терезе ойлап тапты

Ғалымдар "ақылды" терезе ойлап тапты

       Сингапурдағы Наньян технологиялық университетінің ғалымдары энергияны үнемдейтін терезе әйнегін жасады. Science журналының жазуынша арнайы таспа жапсырылған бұл әйнек даладағы табиғи жарық пен температураға байланысты өз қасиеттерін өзгерте алады.

       Ақылды терезе керек болған кезде бөлмеге күн сәулесінің түсуін азайтады немесе жарықтың түсуін көбірек етуге ықпал етеді. Ғалымдардың  пікірінше бұл өнертабыс  үйді жылыту немесе салқындатуға кететін  ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

       Бұл «ақылды» терезе күн сәулесін өткізбейді. Ол өзін-өзі қуаттайтын аккумулятор қызметін атқарып, шағын мобильді құрылғыларды қуаттауға мүмкіндік береді. Терезе, әрине, тотығу процесі арқылы екі сағатпен 12 сағат ішінде өзінің қуатын қалпына қайтадан көк түске ену арқылы келтіреді. Профессор Сан Шауейдің айтуынша, мұндай ақылды терезелер электр энергиясын үндемдеп қана қоймай, экологиялық таза ғимараттар салуға жағдай жасайды.

Ақпарат дереккөзі