Еуропарламент депутаттары Еуроодақта 2035 жылдан бастап іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді сатуға тыйым салу туралы келісімді мақұлдады.
Осылайша, Еуропалық заң шығарушылар ЕО елдерін электромобильдерге көшуге ынталандыруға тырысуда.
Euractiv басылымының хабарлауынша, бұл келісім бастапқыда «жасыл келісім» аясында ЕО-ның дауға толы заңнама бастамаларының бірі ретінде қарастырылды. Дегенмен, CO2 шығарындыларын шектеу туралы ұсыныс жылдам ілгерілеп, ЕО-ға мүше мемлекеттер мен Парламент мақұлдаған Еуроодақтың «Fit for 55» шаралар пакетінің алғашқысы болды.
2035 жылға қарай ЕО-да сатылатын барлық жаңа автомобильдер мен фургондар ауаға зиянды шығарынды бөлмейді деп күтілуде. Бұл ішкі жану қозғалтқыштары бар көліктерге түбегейлі тыйым салуды білдіреді.
Фото: www.pinterest.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через