Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағалары – 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Статистика бюросының мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы наурызда 22,5% артқан.
Бір айдың ішіндегі өзгерістерді алатын болсақ, тұрғын үйлерді сату бағалары 2022 жылғы ақпандағы 0,4%-дан наурызда 5,5% дейін көтерілді. Қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағалары алдыңғы аймен салыстырғанда наурызда 4,6%, ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 3,5% өсті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через