Дамир Ысмағұлов UFC-дегі бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Дамир  Ысмағұлов  UFC-дегі  бесінші  жекпе-жегін  жеңіспен  аяқтады
фото: https://sputnik.kz

Дамир  Ысмағұлов  UFC-дегі  бесінші  жекпе-жегін  жеңіспен  аяқтады

Қазақстандық  файтер Дамир Ысмағұлов (23-1) UFC-дегі бесінші жекпе-жегін  жеңіспен аяқтады.

АҚШ-тың Остин қаласында өткен UFC on ESPN 37 турнирінде Ысмағұлов грузин спортшысы Гурам Кутателадземен (12-2) кездесті. Жекпе-жек үш раундтан тұрды. Соның нәтижесінде қазақстандық файтер төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

Осылайша, Дамир Ысмағұлов аралас жекпе-жек бойынша кәсіби мансабында 24-ші рет жеңіске жетті. UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет ұтылмады. Ал Гурам Кутателадзе үшінші мәрте жеңіліп отыр.

Бұған дейін Ысмағұлов австралиялық Алекс Горджесті (7-1), испаниялық Хоэль Альваресті (19-3), бразилиялық Тьяго Мойзесті (15-6) және оның жерлесі Рафаэль Алвесті (20-10) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Мәтіндегі ақпарат туралы