Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына биыл 31 жыл толды, деп хабарлайды Standard.kz.

1992 жылдың басында мемлекеттік үш нышан - Ту, Елтаңба және Әнұранымызды таңдау үшін Жоғарғы кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнаулы шығармашылық комиссия тағайындады.

Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов және тағы басқа қайраткерлер кірді. Осыдан кейін еліміз бойынша Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына байқау жарияланды.

Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысты.

Эстетикалық сипатымен де, тарихи, саяси, экономикалық символизмге сәйкес келуі бойынша да үздік туынды ұсынған байқау жеңімпаздарын қазір халық мемлекеттік нышан авторлары ретінде таниды.

Олар: Ту авторы - Шәкен Ниязбеков. Елтаңба авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Фото almaty.tv. elorda.info