Бос жатқан 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бос жатқан 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
фото: https://sputnik.kz

Бос жатқан 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

 Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды.

Ведомствоның мәліметінше, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспары мерзімінен бұрын орындалды. Сондай-ақ бұрын тұрып қалған 1,8 млн гектар жерді иелері игеруге кіріскен.

"Осы жылдың өзінде министрліктің жер ресурстарын басқару комитеті республика бойынша 1357 жоспардан тыс тексеру жүргізді", - делінген хабарламада.

Айта кетері, биылғы жылдың 9 тамызында Қазақстан президенті жер мәселелерін тексеру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару жұмысын едәуір жандандырған.

sputnik.kz