Биыл Қытай ғарышқа 100-ге тарта жерсерігін ұшырады

Биыл Қытай  ғарышқа 100-ге тарта жерсерігін ұшырады
фото: pixabay.com/

Қытай 2024 жылы ғарышқа 100-ге тарта жер серігін ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл отандық ғарышты игеру тарихында жаңа рекорд болмақ.

Алғашқы жерсерік Қытайдың бірінші коммерциялық ғарыш айлағынан ұшады. Спутниктік топтардың пайда болуын жеделдету үшін көптеген ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарланған. 

Қытайдағы тұңғыш коммерциялық ұшыру алаңы қазір Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань аралындағы Вэнчан қаласында салынып жатыр.

Отандық зымырандар сериясын жасаушы әрі ғарыш саласының жетекші күші болып табылатын Қытай аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясы (CASC) «2023 жылғы Қытайдың аэроғарыш ғылымы мен технологиясының көк кітабын» шығарды.

Дереккөз kaz.inform.kz.