фото: pixabay.com
Қорғаныс министрлігі мұндай шешімді «бюджет үнемдеу және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігі негізінде» қабылдады.
Бұған дейін әскери шеру жыл сайын ұйымдастырылып келгендіктен қазақстандықтардың санасында жылда өтетін дәстүрлі іс-шара ретінде қалыптасып қалғаны анық.
Қорғаныс министрлігіндегілер «шеруді жыл сайын өткізу керек» деген регламент жоқ екенін алға тартып отыр. Яғни, қалаған уақытта өткізілуі де мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстанда 2019 жылдан бері әскери шерулер өткізілмей жүр.
2022 және 2023 жылдары шығынды үнемдеуге байланысты, ал 2021 және 2020 жылдары пандемия салдарынан ұйымдастырылмады.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через