фото: ru.freepik.com
Жыл сайын 20 қарашада әлем қауымдастығы БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысымен Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін атап өтеді.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, халқымыздың үштен бірінен астамы – балалар. Елімізде 6 млн 800 мың жас азамат бар. Сондай-ақ мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі – балаларды қорғау мен қолдау.
«Құрметті балалар, егер сіздердің құқығыңыз бұзылса, құрдастарыңыздың немесе ересектердің әділетсіздігі мен зорлық-зомбылығына тап болсаңыз, әр уақытта үлкендерге жүгіне аласыздар.
Ең алдымен, өз ата-аналарыңды тыңдаңыз – олар сіздің басты қорғаушыларыңыз. Сынып жетекшісі, мектеп психологы сіздерге қажетті қолдауды көрсетуге әрдайым дайын. Сіз «111» нөміріне қоңырау шалу арқылы тәулік бойы шұғыл көмек ала аласыз, сондай-ақ «Бала қорғау» чатына жазсаңыз біз сіздерге міндетті түрде көмектесеміз», – деді Оқу-ағарту вице-министрі.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через