БАӘ-де төрт жарым күндік жұмыс кестесі енгізілмек

БАӘ-де төрт жарым күндік жұмыс кестесі енгізілмек

              Біріккен Араб Әмірліктері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап батыстың жұмыс кестесіне ауыспақ. Енді бұл ел тұрғындары аптасына 4,5 күн жұмыс істейді. Яғни келер жылы, арабиялықтар сенбі, жексенбі мен жұманың жартысында демалады. Бұған дейін демалыс тек жұма мен сенбі күндеріне сәйкес келетін. Осылайша Дубай батыстағы экономикалық серіктестерімен бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
              Жұма - исламдағы қасиетті күн, сондықтан Парсы шығанағындағы және араб елдерінің басым бөлігінде демалыс күндері жұма мен сенбі немесе бейсенбі мен жұмаға сәйкес келеді. 

              БАӘ демалыс күндерін сенбі мен жексенбіге ауыстырған Парсы шығанағындағы алғашқы мемлекет болды.

              Дегенмен, ел халқы жұманың жарты күнінде демала алады. Бұл күні мемлекеттік компаниялар 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің намаз оқуына мүмкіндік беру үшін жасалып отыр. 

             Ислам заңдарына сәйкес, жұма намазы кезінде жұмыс істеу тыйым салынған. Бірақ жұма намазына дейін және кейін дұға етуге болады. 

              Сондай-ақ, БАӘ аптасына 4,5 күн жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы ел болып тіркелді. Бұл ереже тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Ел билігі жеке меншік секторына қатысты мәлімдеме жасамады. 

 Ақпарат дереккөзі