Ауаны салқындатып суға айналдыру

Ауаны салқындатып суға айналдыру

              Испаниялық инженерлер ауадан су жасайтын жүйе ойлап тапты. Өнертапқыштың бірі  82 жастағы Энрике Вейга ауадан су алуды 1990 жылдары осы елдегі қуаңшылық кезде үйренген. Ол басқаратын компания қазір Намибия тұрғындары мен ливандық босқындарды таза сумен қамтамасыз етіп отыр. Инженер бұл құрылғы тиімді ғана емес, сондай-ақ қолдануда қарапайым болуы керек дейді. Аталған жүйе электр қуатының көмегімен ауаны салқындатып, суға айналдырады. Осылайша құрылғы күніне 50-75 литр су өндіре алады. Ал ірілерінің қуаты мыңдаған литрге жетпек.

             Біздің есімізде Аустралияда Кристоф Ретезар атты дизайнер ерекше бөтелке ойлап тапқаны. Fontus Airo және Fontus Ryde деп аталатын бөтелкелер ауаны суға айналдырады. Бұл өнертабыс саяхатшыларға арналған: Airo жаяу жүрген кезде таптырмайтын ыдыс болса, ал Ryde бөтелкесін велосипедке қыстырған ыңғайлы.Ал олар ауаны суға қалай айналдырады дейсіз ғой? Бөтелкенің қақпағына кірген ауа сол жерде салқындап, конденсацияланып, сүзіліп, бөтелкенің ішіне су күйінде құйылады. Fontus Airo бөтелкесінде баламалы қуат көзі болып табылатын күн батареясы бар. Өнертапқыштар қолданған ерекше технологиялар арқасында бұл ыдыстардың көмегімен ауаны қалаған кезде суға айналдырып алуға болады.