Ақкенттегі өрт: тұрғындар жөндеу жұмыстарынан кейін пәтерлеріне қайта оралды

Ақкенттегі өрт: тұрғындар жөндеу жұмыстарынан кейін пәтерлеріне қайта оралды
фото: © Photo : Пресс-служба акима Алматы

"Ақкент" тұрғын үй кешенінің тұрғындары жөндеуден кейін өз пәтерлеріне қоныстанды. Өрттен зардап шеккен 96 тұрғын үйдің 95-і ретке келтірілді, 1 пәтердің иеcі жөндеу жұмыстарын жүргізуден бас тартты. Қазіргі уақытта үй 100% қоныстанған, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жоспар бойынша мердігерлік ұйымдар жұмысты 20 қыркүйекке дейін аяқтауы тиіс болатын. Бірақ тұрғындарды қоныстандыру 10 күн бұрын басталды. Қазір "Ақкент" тұрғын үй-кешені бұрынғы өміріне қайта оралды", - деп атап өтті мегаполис әкімдігі.

Пәтерлерді жөндеуге қаражат Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша және аудан әкімдігінің қолдауымен төтенше жағдайлар департаментінің резервінен бөлінген.

"Ақаулы актілерге сәйкес жұмыстарды "Болашақ Құрылыс-S" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізді. Есептеу аспаптарын, лифт шахталарын, кіру топтары мен еден алаңдарын қалпына келтірумен құрылыс салушы – "Ayt Housing Complex"өз бастамасы бойынша айналысты. Тұрғындар жүргізілген жұмыстарға риза", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Ақкент шағын ауданының барлық 58 үйінде өрт қауіпсіздігін тексеру жүргізілді. Анықталған заң бұзушылықтар негізінен апаттық шығулардың бітелуімен байланысты.

Еске сала кетейік, 1 тамызда Ақкент шағын ауданындағы тұрғын үйде өрт шыққан болатын. Үйдің 300-ден астам тұрғыны эвакуацияланды. Бұған дейін президенттің тапсырмасы бойынша 6 адам "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған болатын.

ҚазАқпарат