фото: Фото:pexels.com
Apple 2023 жылы әлемдік нарықта Samsung смартфондарынан оза шауып, үздік деп танылып отыр.
Көшбасшылар бестігіне қытайлық Xiaomi, Oppo және Transsion кірді.
International Data Corporation (IDC) зерттеу тобының мәліметінше, бұған дейін Samsung 2010 жылдан бері смартфон нарығына алдыңғы орындарды иеленіп келген.
IDC алдын ала есебіне сүйенсек, өткен жылы Apple 234,5 миллион құрылғыны жөнелтіп, компанияның нарықтағы үлесі 20,1% құраған.
Ал Samsung 226,6 миллионға (19,4%) жеткізген.
Әлемдік көшбасшылар арасында үшінші орында 145,9 млн смартфон жеткізіп, нарықтағы үлесі 12,5% болған қытайлық Xiaomi тұр.
Бұдан бөлек, үздік бестікке Oppo (103,1 миллион) және Transsion (94,9 миллион) кірді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через