фото: КНБ РК
15-16 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция мен Грецияның жалған құжаттарын ұсынған 3 шетелдік ұсталды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізілген қосымша тексеру құжаттардың жарамсыздығын растады.
«Жалған төлқұжаттар алынды. Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бір шетелдік азамат депортацияланды», — деп жазды ведомстводан.
2024 жылдың басынан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекарашылар жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды қолданудың 18 фактісінің жолын кесті.
ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды қолданып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын хабарлайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через