Алкоголь өнімдерін әкелуге, сатуға және өндіруге тыйым салды

Алкоголь өнімдерін әкелуге, сатуға және өндіруге тыйым салды

 Ирак билігі алкогольді ішімдіктерді өндіруге, елге әкелуге және сатуға ресми түрде тыйым салды

Заңға сәйкес, бұл шешімді бұзған кез келген адам он миллион динардан (3 миллион теңге) 25 миллион динарға дейін (17 миллион теңгеге жуық) айыппұл төлейді. Заң 20 ақпаннан қолданысқа енгізілді.

Бүгінгі таңда алкогольді ішімдік шығаратын көптеген компаниялар Бағдад, Мосул және Күрдістан аймақтарында жұмыс істейді.

Ирак, әсіресе Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтер тұратын аудандар үшін алкогольдің негізгі өндірушісі болып табылады. Себебі Ирак өнімі Сирия үкіметінің бақылауындағы аудандарда шығарылатын алкогольмен салыстырғанда әлдеқайда арзанырақ.

Иракқа Саддам Хусейн басшылық еткен тұста мұсылмандарға алкогольді ішімдік сатуға тыйым салынды, ал басқа конфессия өкілдері алкогольді арнайы лицензиямен сататын. Бүгінде Ирактағы ішімдік сататын дүкендердің көпшілігі христиандарға немесе езид қауымдастығынан шыққан адамдарға тиесілі.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото ВКонтакте.