фото: egemen.kz
Әлеуметтік салада қолға алған ауқымды жоба мұнымен бітпейді.
Келер жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» ұрпақ қамын ойлаған ұтымды бағдарлама іске аспақ. Таяуда Мемлекет басшысы заңнамалық түзетулерге қол қойғаны белгілі. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар жандарды түрлі қолдау шарасы да қолға алынды.
Президент қол қойған заңнамалық түзетулер аясында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50% 18 жасқа дейінгі барлық бала арасында бөлінеді.
Бұл қаражатты ел азаматтары кәмелеттік жасқа толған соң білімге немесе баспана сатып алуға жұмсай алады. Ал бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды.
Тұрмысы төмен мүгедектігі бар кәсіпкерлерге 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін 9 мыңнан астам грант берілді. Мемлекеттік қолдауға ілігу үшін «business.enbek.kz» порталы арқылы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқуы қажет. I топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың күтім жасайтын отбасы мүшелеріне жеке көмекші ретінде еңбек ақысын төлеу және жұмыс уақытын еңбек өтіліне қосып тіркеу мүмкіндігі енгізілді. Биыл шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы былтырғымен салыстырғанда 21,5% қысқарды.
Тағы Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Өтінішті толтыру және жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады. Артынша қаражат қызмет алушының банктік шотына аударылады.
Айта кеткен жөн, цифрлық карта мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде қалыптасады. Бүгінгі таңда онда 6 млн астам отбасы туралы мәлімет жинақталған.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через