Әлемдегі үздік университеттер рейтингісі жарияланды

Әлемдегі үздік университеттер рейтингісі жарияланды
фото: triptonkosti.ru

Times Higher Education (THE) 2024 жылға арналған әлемдік үздік университеттер рейтингісін жариялады. Сарапшылар Қытай университеттерінің қарқынды дамуын атап өтті.

Жақында жарияланған Times Higher Education (THE) 2024 рейтингісіне сәйкес, Оксфорд университеті биыл сегізінші жыл қатарынан әлемнің үздік университеттерінің көш басында тұр.
Үздік ондық қатарында ағылшын тілді университеттер басым: әдеттегідей Гарвард (4) және Кембридж (5) әлі де үздіктер қатарында.

Дегенмен, алғашқы бестікте аздаған өзгеріс бар, Стэнфорд үшінші орыннан биылғы рейтингіде екінші орынға, ал Массачусетс технологиялық институты (MIT) 2023 жылғы бесінші орыннан үшінші орынға көтерілді.

Биылғы жылы АҚШ пен Ұлыбритания университеттері, сондай-ақ еуропалық университеттер көрсеткішінің төмендеуі байқалды, ал Азиядағы университеттер, әсіресе Қытайдағы оқу орындары өсуді жалғастыруда.

Цинхуа (12) және Бейжің (14) университеттері рейтингте Пенсильвания университеті, Джонс Хопкинс университеті және Колумбия университетін басып озды.

Дереккөз ҚазАқпарат.