Біз еліміздің ірі қалаларындағы көлік кептелісін әңгіме етеміз, әсіресе Алматыны. Бірақ кептелісте тұру уақыты бойынша антирекорд АҚШ тұрғындарына ие екен. Былтыр нью-йорктықтар орташа есеппен 100 сағат уақытын көлік кептелістерінде жол күтумен өткізіпті. Пандемия уақытындағы локдаунға қарамастан мұндай көлік тығынының сақталуы сала мамандарының назарын аударды. Пандемия америкалықтардың жол жүру мәдениетіне де әсер етті. Атап айтқанда халық бейсауат жүрістен тыйылды. Қарым-қатынас азайып, барыс-келісі сиреп, көптеген қаладағы көшеде көлік саны кеміді. Әрі АҚШ-тың үлкен мегаполистеріндегі көлік кептелісі елу пайызға дейін төмендеген. Нәтижесінде америкалық жүргізушілер бір жылдың ішінде 75 сағат уақытын үнемдей алатын болды.
Ал көлік кептелісі бойынша әлемдегі ең қолайсыз елдердің рейтингінде Қазақстан 85 елдің ішінен 51-орынға ие болды. Елдің трафик индексі 128 сағатты құрады, деп хабарлады finprom.kz. Көрсеткіш жұмысқа баруға кеткен уақытты, жол қозғалысындағы СО2 шығынын және бүкіл әлемдегі жол қозғалысы жүйесіндегі жалпы тиімсіздікті бағалайды. Рейтингке сәйкес Қазақстанда тек жұмысқа баруға кететін орташа уақыт 33,64 минутты құрайды. Ал CO2 индексі 4040,36 құрады. Көлік кептелісі жағынан қолайсыз елдердің рейтингін Нигерия, Коста-Рика және Кения бастап тұр. Ал ең соңғы орындарда, яғни көлік қозғалысы жағынан ең қолайлы елдер тізімінде Дания, Эстония және Австрия жайғасқан. Оларда жұмысқа бару уақыты 25 минуттан сәл асады. Айта кетсек, 2021 жылдың басында Қазақстанның көлік-логистика саласына 26,6 млрд теңге салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33% артық.
Жол үстінде жарты сағат тұруға жүйкесі жұқарып кететін ағайын, мынаны оқыңыз да, сабыр сақтаңыз.
1980 жылы 16 ақпанда Францияда ауа райының бұзылуы салдарынан шаңғы тебуге және саяхаттауға шыққандар үйге қайтуға асықпады. Түнге қарай Париж қаласының жоғары қарқынды тас жолында көлік кептелу оқиғасы туып, жалпы тоқтап қалған көліктердің ұзындығы 175.42 шақырымға жеткен.
2005 жылы 21 қыркүйекте теңіз дауылы келудің алдында 2 милион 500 мың Америка тұрғыны Бостон қаласынан айрылуға мәжбүр болады. Бұл жолы үкімет орналастырған 45-нөмірлі жолда жалпы ұзындығы 160,96 шақырым болған көлік кептелу оқиғасы туылған. Бұл кептеліс екі күнге жалғасып, арнаулы әскерлер көлік иелеріне бензин және азық-түлік тасумен әбігерге түскен.
2009 жылы 10 маусымда Бразилияда болған көлік кептелісі жоғарыдағы сандық мәліметтерді 229.9 шақырымға жеткізіп, дүние «рекордын жаңалаған».
Жапониядағы ең ауыр көлік кептелісі 1990 жылы 12 тамызда тіркелген. Қала тұрғындары «Тайфың» дауылынан паналау үшін шегіну салдарынан осы елдегі ең ірі көлікке қатысты апатты жағдай орын алған.
Ал Қытайда әр жылы 1 қазан (Мемлекет мерекесі) қарсаңында көптеген қалаларда көлік кептелісі туылып отырады екен. Бұл Қытай үкіметінің сол мезгілдегі ең басты өзекті мәселесіне айналатын сияқты. Ал осы мереке қарсаңында жалпы Қытайда орта есеппен 70 мың көлік апаты тіркеледі екен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через