Бұрындары ұшатын көліктер туралы тек ертегілерден оқып, немесе қиял-ғажайып жанрында түсірілген фильмдерден ғана көретінбіз. Енбі бұл арман не ертегі емес, қалыпты жағдайға айналды. Бұған дәлел іздесек, жетіп артылады. Басқасын ысырып қойып, автокөлік саласындағы соңғы жаңалыққа тоқталатын болса, ағылшынждар әлем халқының таңдайын қақтыруды ждоспарлап отыр.
Urban—Air Port өзінің көпшілікке таныстыруға арналған Air—One сайтын тұңғыш рет ұсынды. Порталдан интеллектуалды вертипорттың құрылысын көруге болады. Компания өкілдері ұшатын көліктер әуетасымалдау саласында төңкеріс жасайтынына сенімді.
Urban—Air Port бүкіл Ұлыбританияда Air—One Vertiport ұлттық желісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Алғашқы нысан жақында Ковентриде ашылады. Жобаны Ұлыбритания үкіметі қаржыландырып отыр. Бұл жаңа іске қарқын беруі тиіс.
Вертипорттың аумағы шағын болатындықтан мұндай алаңды кез келген жерден ашуға ыңғайлы. Осындай портты тіпті су бетінде, зәулім үйлердің шатырында, аспан мен жерде де салуға болады.
Air—One алаңының ашылуы айтулы жаңалық, жаңа көлік дәуірінің бастауы болмақ, зиянды қалдықтар шығармайтын және кептеліске ұрынбай саяхат жасауға мүмкіндік беретін заманауы әрі экологияық жоба атанбақ. Бұл өз кезегінде адамдардың күйзеліске ұшырамай, бақытты ғұмыр кешуіне де ықпал етеді. Автокөліктердің тасжолы бар, Пойыздардың шойын жолы, ұшақтардың әуежайы болса, енді ұшатын көліктердің көк аспаны болады.
Фото: motorauthority.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через