Алматыда 17 мың интернет-ресурс бұғатталды

Алматыда 17 мың интернет-ресурс бұғатталды
фото: pixabay.com

Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17 мыңнан аса интернет-ресурс бұғатталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. 

Алаяқтар өтірік сайт пен, интернет-дүкен ашып, «жұмыс» немесе «инвестиция» деген желеумен азаматтарды ақша табуға үгіттеген, деп жазды 24.kz сайты. 

«Кибер-қадағалау» ақпараттық жүйесінің көмегімен зиянды контенті бар ресурстарға тосқауыл қойылды. Мамандардың айтуына қарағанда, дропперлер де айылын жыймай тұр. Кейбір азаматтар білместіктен ұрынса, кейбірі саналы түрде алаяқтарға көмектесіп арам жолмен ақша тауып жүр. 

Былтыр дропперлер арқылы 2,5 миллиард теңге қолды болған. Жан-жақты күрес нәтижесінде оның 700 миллионнан астамы иелеріне қайтарылды. Дропперлік үшін елде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

Еркебұлан Қойшыбаев, Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары: - Біз 4 азаматты ұстадық. Олар дропперлер болып табылады. Дропперлер олар интернет алаяқтарға көмектесуші тұлғалар. Интернет алаяқтардан алған тапсырмасы жәбірленушілерден ақшаны алып кету болып табылған. Қазіргі уақытта үш эпизод анықталды оларға қатысты. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

Материал 24.kz сайтынан алынды.