
фото: pixabay.com
Соңғы он жылда отандық ғалымдар небәрі екі-ақ дәрі ойлап тауыпты. Бірі - кәдімгі қарапайым қолданыстағы йод, екіншісі де калий йодиді екен. Оның өзінде қазынадан 5 млрд-қа жуық ақша бөлінген бұл ем-дом заттарының біреуі де формулярға енгізілмеген, яғни қолданыста емес.
Өкінішке қарай, импортқа тәуелді болып тұрмыз. Дәрі-дәрмектің 84 пайызы шет елден жеткізіледі. Тіпті сол бар дәрінің өзін ұқсата алмай отырмыз. 45 мың пациент дәрісіз қалған. Салаға аудит жүргізілді. Мәжілістегі тартыс Әлихан Смайыловтың баяндамасынан кейін басталды. Депутаттар осылай саланы қатаң сынға алды. Расымен, проблема шаш етектен.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бір препараттар қоймаларда шіріп, есептен шығарылып жатқанда кейбір өмірлік маңызы бар дәрілер қолжетімсіз. 45 мың пациент дәрісіз қалған. Анықтаған шығындар мен ысыраптар 3,7 млрд теңгеден астам. Ал ықтимал шығындар 21 млрд теңгеден астам.
Елімізде 89 отандық өндірушінің тек 2%-ы ғана дәрі шығарады. Қалғандары маска және медициналық бұйымдармен шектеліп отыр. Шетелдік өнімді өзіміздікі деп сататындар да бар екен. Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов келтірген ақпаратқа сәйкес, былтыр жеке компания мемлекетке 8 млрд теңгеге 62 млн медициналық қолғапты жеткізген. Алайда бұл қолғаптардың тайландтан сатып алынғаны анықталған. Мемлекетке өнім нарықпен салыстырғанда 2 есе жоғары бағамен сатылған. Сондай-ақ компаниялардың бірінен 3 млрд теңгеге сатып алынған препараттар қолдануға жарамсыз деп танылып, есептен шығарылған.
Әлихан Смайылов, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы:
Жалпы, екі аудиттің қорытындысы бойынша 741 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 32 млрд теңгеге қаражаттың тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны, 58 млрд теңгеге шығын мен жіберіп алған пайда фактілері анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 134 факт бойынша материалдар уәкілетті органдарға, бес факт бойынша аудит материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.
Яғни фармацевтика саласына жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 5 іс Бас прокуратураға жолданды.

Фото: pixabay.com.
Нартай Сәрсенғалиев, Мәжіліс депутаты:
Мәселен 2024 жылы еліміздегі мына нарықта бар дәрі-дәрмектің 84 пайызы шетелдік өнім екені белгілі болды. Қала берді мына соңғы 5 жылда біздің шетелдерден сатып алған дәрі-дәрмекке жұмсағанымыз 1, млрд доллардан 1,7 млрд долларға дейін жетті. Ал өзіміз білеміз мемлекет басшысы отандық дәрі-дәрмектің үлесі елу пайыз болу керек деді. Бұған қалай жетпек екені түсініксіз.
ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.
2022-2024 жылдары еліміздегі медицинаны дамытуға 58 млрд теңге бөлінген. Бірақ саланың әлеуеті 15 пайыздан әрі аспай тұр. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі өте төмен.
Соңғы 10 жылда елімізде небәрі екі препарат қана тіркелген, деді Әлихан Смайылов. Ал Мемлекет басшысы отандық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың үлесін 50 пайызға дейін жеткізу міндетін қойған еді. Бүгінгі кемшіліктерді ескерсек, бұл талаптардың орындалу күні әлі алыс сынды.
Материал ktk.kz, qazaqstan.tv сайттарынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через