eGov-та бірінші сыныпқа қабылдау қызметі істемей қалды

eGov-та бірінші сыныпқа қабылдау қызметі істемей қалды
фото: https://www.google.

Министрлік негізгі себебін атады

Қазіргі eGov 2013 жылғы технологияның негізінде жұмыс істейді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин eGov-та бірінші сыныпқа қабылдау қызметі неге істемей қалғанын айтты.

Бүгін электронды үкімет порталында бірініші сыныпқа өтініш бергісі келетіндердің саны күрт көбейді. Соның салдарынан техникалық ақаулықтар шықты.

"Ол ақаулықтардың бәрі қысқа уақыттың ішінде жойылды, платформаның жұмысын қалпына келтірді. Негізі, бірініші сыныпқа өтініш қабылдау бүгін сағат 15:00-ге жоспарланған болатын. Сондықтан осы уақытта қызмет қолжетімді болады", - деді Коняшкин үкіметте өткен брифингте.

Осы орайда вице-министр ондай ақаулықтардың негізгі себебін де түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі eGov 2013 жылғы технологияның негізінде жұмыс істейді.

"Ашығын айтайын, қазіргі электронды үкімет порталы максималды деңгейде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан биыл біз eGov 3.0-ді іске қосамыз. Бұл - толығымен жаңартылған және қайта жасалған портал. Осы жылы бәріміз барынша ыңғайлы әрі тұрақты сайтың нұсқасын көреміз", - деді Коняшкин.

Вице-министр жаңа порталда ақаулықтардың азаятынын да айтты.

ҚазАқпарат