
фото: © РИА Новости
Қалған мыңға жуық бағдарлама мемлекеттік департаменттің қарамағында тиімдірек жүзеге асырылуға тиіс
АҚШ үкіметі алты апта зерттеп, Халықаралық даму агенттігі (USAID) бағдарламаларының 83%-ын ресми түрде жабатын болды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, "олар елдің мүддесіне сай келмейтін мақсаттарға ондаған миллиард доллар жұмсаған".
"Алты апталық қайта қараудан кейін біз USAID бағдарламаларының 83%-ын ресми түрде жабамыз. Қазір жабылып жатқан 5,2 мың келісімшарт АҚШ-тың негізгі ұлттық мүдделеріне жауап бермейтін, кейде тіпті зиян келтіретін жолмен ондаған миллиард доллар жұмсаған", - деп жазды Рубио "Х" әлеуметтік желісінде.
Оның айтуынша, қалған мыңға жуық бағдарлама мемлекеттік департаменттің қарамағында тиімдірек жүзеге асырылуға тиіс.
Бұған дейін миллиардер Илон Маск басқаратын АҚШ-тың мемлекеттік басқару тиімділігі департаменті (DOGE) USAID-ті жоюға күш салғаны туралы хабарланған болатын.
Маск 2 ақпанда USAID-ті "қылмыстық ұйым" деп атады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через