
фото: https://pixabay.com/ru/
Әскери қызметтің тартымдылығын арттыру жұмыстары жалғасып жатыр
17 мыңнан астам әскери қызметшіге "кредиттік демалыс" берілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.
"17 мың әскери қызметшіге 6,6 млрд теңгеге "кредиттік демалыс" берілді", -деді спикер.
Сонымен қатар ол қызметте ерекше көзге түскен 1029 мерзімді азамат грантпен оқуға мүмкіндік алғанын атап өтті.
Генерал-майордың айтуынша қызмет өткеріп жүрген сарбаз еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын игере алады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через