Халықтың банктердегі салымы 25 трлн теңгеге жуықтады

Халықтың банктердегі салымы 25 трлн теңгеге жуықтады
фото: https://pixabay.com/ru/

Бөлшек депозиттер бойынша 2024 жылдың қорытындысы шығарылды

Қазақстанда 1 қаңтарға қарай жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) салымдары 24,6 трлн теңгені құрап, абсолютті көрсеткішке жетті. Бұл барлық салымның 57,8%-ы.

Қай банк көш бастап тұр?

Салымдардың өсімі бойынша Bereke Bank ең үздік көрсеткішпен алға шықты: салымдар бірден 51,8%-ға, 652,7 млрд теңгеге дейін көбейді. Тек желтоқсан айында қаржы институтының бөлшек салымдар портфелі тағы 8,9%-ға өсті.

Жылдық өсім бойынша екінші орынға Bank RBK орналасты: салымдар 32,4%-ға, 639,4 млрд теңгеге дейін артты. Ал банк депозиттерінің жиынтық портфелі 1,6 трлн теңгеге жетіп, жылдық өсім 41,3%-ға ұлғайды.

Халық салымдары портфелінің өсімі бойынша көшбасшылардың үштігін Freedom Bank түйіндейді: салымдар 27,5%-ға, 585,9 млрд теңгеге дейін көбейді. Қаржы институтындағы салымдардың жалпы көлемі жыл басында 1,1 трлн теңгені құрады, бір жыл ішінде 44,9%-ға өсті.

Аталған үздік үштіктен бөлек, Қазақстандағы ірі ЕДБ арасында Банк ЦентрКредит (жылына плюс 26%), Halyk Bank (плюс 23,3%) және Kaspi Bank (плюс 21,7%) те нарықта оң көрсеткішке қол жеткізді.

Бір айта кетері, қазақстандықтар ірі әрі сенімді банктерді таңдайды. Мәселен, Қазақстандағы үздік он ЕДБ-да халықтың барлық салымының 95,6%-ы немесе 23,5 трлн теңге жатыр. Қалған 11 банкте небәрі 1,1 трлн теңге жинақталған.

ҚазАқпарат