фото: pixabay.com
Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін шетел азаматтарының саны рекордтық көрсеткішке жетіп, алғаш рет 1 миллионнан асты, деп хабарлайды Yonhap.
Корея статистикасының мәліметінше, мамыр айындағы жағдай бойынша елде тұратын 15 және одан жоғары жастағы 1,56 миллион шетелдіктің 1,01 миллионы немесе 64,7 пайызы жұмысқа орналасқан.
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 87 мың адамға немесе 0,2 пайызға артқан.
Фото pixabay.com.
Шетелдік жұмысшылардың 73,2%-ы 50 адамнан аз қызметкері бар компанияларда жұмыс істесе, тағы 24,1%-ы 50-ден 299-ға дейінгі қызметкері бар компанияларда жұмыс істеген. Небәрі 2,7 пайызы 300-ден астам қызметкері бар ірі компанияларда жұмыс істеген.
Кореяда 2012 жылдан бастап жүргізілген статистика бойынша 2012 жылы шетелдік қызметкерлердің 79,1 пайызы шағын кәсіпорындарда жұмыс істесе, 3,4 пайызы ірі корпорацияларда жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш соңғы онжылдықта айтарлықтай өзгермеген.
Мәліметтер көрсеткендей, Оңтүстік Кореядағы барлық шетелдіктердің шамамен 51,2% ай сайын 2 миллионнан 3 миллион вонға (1,392 - 2,089 доллар) дейін, ал 37,1% -ы 3 миллион вон табыс тапқан.
Фото pixabay.com.
Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарының заңды жұмыс істеуі үшін қандай іс-шаралар атқарылып жатқынына түсінік берген болатын.
Материал Kazinform сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через