фото: © Sputnik / Pavel Lisitsyn
Роботты табиғат апаттары кезінде қолдануға болады
Адам тақылеттес құрылғыға 4 реактивті қозғалтқыш орнатылған. Екеуі арқасында, екеуі - қолында тұр. Роботтың өзі - 70 келі. Әйтсе де қиналмай ұшады. Ол келешекте құтқарушыларға көп пайдасын тигізеді дейді ғалымдар.
"Роботты табиғат апаттары кезінде қолдануға болады. Өйткені адамдардың қатынауы, не жұмыс істеуі үшін қиын аймақтар болады. Сонда технологияны қашықтан басқара аламыз. Сөйтіп робот іздестіру-құтқару операцияларына қатысып, тірі қалған адамдардың жағдайы туралы мәлімет жинай алады", - дейді жоба жетекшісі Даниэль Пуччи.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через