фото: pixabay.com
Қырғызстанда шетел азаматтарына Ыстықкөлдегі демалыс орындарын иеленуге рұқсат беріледі. Қырғызстанның Жогорку Кенеші заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасында шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында шетелдік тұлғаларға рекреациялық объектілерге (пансионаттар, курорттар, демалыс үйлері, коттедждік кенттер, қонақ үйлер және басқалар) меншік және пайдалану құқықтарын беруге байланысты түзетулер енгізу ұсынылды. Қырғыз депутаттарының пікірінше, бұл өз кезегінде елдің туристік қызметтердің әлемдік нарығына кіруіне және экологиялық-экономикалық жүйенің дамуына ықпал етеді.
Кейбір депутаттар заң жобасында нысандардың немесе жердің сатылатындығы нақты көрсетілмегеніне алаңдаушылық білдірді.
Заң жобасы бастамашыларының айтуынша, жер сатылмайды, тек демалыс орындары ғана сатылады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через