Лондонда француздың атақты дизайнері Габриель Коко Шанельдің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылады.
Келушілер назарына 200-ден астам бұйым ұсынылады. Оның ішінде дизайнердің қара көйлегі, твид матасынан тігілген костюмі, бағалы әшекейлері, иіс сулары мен аксессуарлары қойылмақ. Экспозицияны ұйымдастырушылар осылайша Коко Шанель әлеміне саяхат ұйымдастыруды көздеп отыр. Көрме 16 қыркүйекте ашылады.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/617478-londonda-shanel-lemine-arnal-an-k-rme-ashylady
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz