Қазақстан спортшылары бүгін шаршы алаңда

Қазақстан спортшылары бүгін шаршы алаңда

фото: 24.kz

       Жазғы Азия ойындарының 13-ші жарыс күні басталды. Қазақстандық спортшылар бүгін бокс, таеквондо, дзюдо, еркін күрес және джиу-джитсудан сынға түседі.

       Қазір ел қоржынында 64 медаль бар: 9 алтын, 19 күміс және 36 қола.

       Теннистен Анна Данилина мен Юлия Путинцева жұптық сында жартылай финалға өтті. Қытайлық қарсыластары кездесуге шықпағандықтан, жерлестеріміз келесі кезеңге жолдама алды. Енді финалға шығу үшін Тайпей спортшыларымен ойнайды.

       Ал бокстан бүгін екі жерлесіміз алтын үшін шаршы алаңға көтеріледі. 70 келіде Төрехан Сабырхан иорданиялық Зейад Ишаишпен кездессе, аса ауыр салмақта Айбек Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен жұдырықтасады.

       Ал футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Молдовамен кездеседі. Ойын Астана Аренада кешкі сағат жетіде басталады.

       https://www.google.com/24.kz

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите