АҚШ-та қолтырауын 71 жастағы балықшының өмірін қиды

АҚШ-та қолтырауын 71 жастағы балықшының өмірін қиды

фото: https://pixabay.com/

BILD басылымы бұл жағдайды Флоридада биыл тіркелген осындай екінші оқиға екенін жазады.

Қаралы жайт Уинтер-Гарден қаласында ұзындығы шамамен 3,6 метрлік бауырымен жорғалаушының қатысуымен болған.

Куәгерлердің сөзінше, Стивен Апопка көлінде қармағына түскен балықпен бірге суретке түскісі келген. Сол сәтте судан шыққан қолтырауын оның аяғынан тістеп, сүйреген.

Уинтер-Гарден полициясы су айдынында қолтырауындар көп болғандықтан, құтқарушылар оқиғаға бірден араласа алмағанын растады. Өрт сөндіру қызметінің басшысы Хосе Гайнса ер адамның денесі судан шамамен 2 сағаттан кейін шығарылғанын айтады.

Полиция Флорида штатының балық және жабайы табиғатты қорғау комиссиясымен бірлесіп, оқиғаны тергеуге кірісіп кетті. Мұнан бөлек, инспекторлар шабуылға қатысы бар деп болжанған қолтырауынды ұстаған.

Әуеден түсірілген кадрларда 6 адамның алып бауырымен жорғалаушыны судан шығарып, аузын байлап, жануарды өлтірген.

Флорида штатының деректеріне сай, 1948 жылдан бері қолтырауындардың шабуылынан барлығы 34 адам жан тапсырған.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Subscribe to our social networks and stay up to date with all the events!

Read also

Subscribe
Comments
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите