Алматылық 2000 оқушы жаңа әнді бірге орындады

Алматылық 2000 оқушы жаңа әнді бірге орындады

фото: Алматы әкімдігі

Көгілдір және сары түсті жейде киген оқушылар алаңға сап түзеп, Қазақстанның Мемлекеттік Туының бейнесін жасады

 

Түрксіб ауданындағы 2000-ға жуық оқушы Қазақстанның Республика күніне арналған жаңа «Республика күні» әнін орындады. Әннің авторы – №6 Оқушылар үйінің педагогі, композитор Біржан Әлкеев. Туынды «Елімнің жарқын болашағы: Бірлік. Рух. Тәуелсіздік!» атты ауқымды патриоттық іс-шара аясында шырқалды, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Іс-шараны Түрксіб аудандық білім бөлімі, №6 Оқушылар үйі және аудандағы 32 мектеп бірлесіп ұйымдастырды. 2000-ға жуық оқушы бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын, сондай-ақ «Республика күні» және «Атамекен» әндерін орындады.

Фото: Алматы әкімдігі.

   Іс-шараның ерекше көріністерінің бірі – «Жанды ту» композициясы. Көгілдір және сары түсті жейде киген оқушылар алаңға сап түзеп, Қазақстанның Мемлекеттік Туының бейнесін жасады.

Көрермендердің ерекше назарын №83 гимназияның қазақ халық аспаптарынан құралған «Шабыт» оркестрінің өнері аударды. Ұжым ұлттық музыка мәдениетінің бай мұрасын паш етті.

Сонымен қатар арт-челлендж аясында 500 жас суретші Қазақстанның мәдени мұрасына, ұлттық дәстүріне және еліміздің жарқын болашағына арналған туындысын ұсынды.

Subscribe to our social networks and stay up to date with all the events!

Read also

Subscribe
Comments
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите