Еліміздің сыртқы қарызы қанша?

Еліміздің сыртқы қарызы қанша?

фото: orda.kz

Еліміздің сыртқы қарызы қанша? Бұл сұраққа Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайдың жалпы отырысында жауап айтты.

Қазір біздің сыртқы қарызымыз – 8,4 трлн теңге. Ол жалпы өнімге шаққанда 4,5 пайыз болады. Жалпы халықаралық деңгеймен салыстырғанда ол өте төмен деңгей деп есептеледі. 1 шілдедегі статистиканы алсақ, қазіргі уақытта тіпті мемлекеттің қарызы 20%-ға дейін азайды. Себебі біздің жалпы ішкі өніміміз өсіп жатыр, – деп айтты Жұманғарин Құрылтай депутатының сұрағына берген жауабында.

Оның айтуынша, бүкіл алынған қарыз бақылауда тұр.

Қазіргі уақытта 1 шілдедегі жағдай бойынша үкіметтің қарызы жалпы ішкі өнімге шаққанда 20 пайызға, ал мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ге шаққанда – 20,9%. Біздің индикатор бойынша 32 пайыздан аспауы керек. Сол себепті жағдай өте тұрақты. Біз әлемдегі мемлекеттік үкіметтік қарызы ең төмен мемлекеттердің қатарындамыз, – деді Үкімет басшысының орынбасары брифингте.

https://baq.kz/

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите