«Алтын Алма»: Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі

«Алтын Алма»: Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі

фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі

2026 жылғы 2–4 қазан күндері Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Алтын Алма» көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

Мәдени іс-шараға Орталық Азия елдерінің қолданбалы өнер шеберлері қатысып, ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын, әшекейлерді, тоқыма өнімдерін, кәдесыйлар мен сәндік заттарды ұсынады.

Көрме-жәрмеңке ұлттық қолөнердің алуан қырын таныстырып, шеберлердің шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

 

Мекенжайы: Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 137
2–4 қазан 2026 жыл
10:00–19:00

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите