Көлік инфрақұрылымына салынған инвестиция ақтала ма

Көлік инфрақұрылымына салынған инвестиция ақтала ма

фото: pixabay.com

Кейінгі 7 жылда Қазақстан көлік инфрақұрылымына шамамен 35 млрд доллар инвестиция салды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 Қаражат теміржол және автомобиль жолдарын салуға, порттар мен авиациялық инфрақұрылымды, шекаралық өткелдер мен цифрлық логистикалық жүйелерді дамытуға бағытталды. MSN басылымы жариялаған мақалада Транскаспий халықаралық көлік бағытының жаһандық логистикадағы рөлі нығайғаны аталып өтті. Автордың жазуынша, әлемдік өндірушілер мен логистикалық компаниялар балама әрі әртараптандырылған сауда бағыттарын белсенді түрде іздей бастаған. 

Орта дәліз Азия мен Еуропаны байланыстыратын ең қарқынды дамып келе жатқан құрлықтық маршруттардың біріне айналды. Халықаралық көлік секторының бағалауына сәйкес, кейінгі жеті жылда дәліз арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсіп, былтыр 4 жарым млн тоннадан асты.

Қазақстан ұлттық жол инфрақұрылымын қалыптастырып жатыр

Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға қатысты мақалада Time Business News журналистері теміржол инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуға ерекше назар аударған. Мәселен, өткен жылы құны $1 млрд-тан асатын жоба аяқталды. Ұзындығы 836 шақырым болатын «Достық-Мойынты» магистральдық желісінің екінші жолы салынды. Оның іске қосылуы өткізу қабілетін тәулігіне 12 пойыз жұбынан 60 пойыз жұбына дейін арттырып, Қытаймен шекарадағы транзиттік тасымал үшін анағұрлым кең мүмкіндіктер ашты. Жүк пойыздарының тәулігіне орташа жүріп өту жылдамдығы 800-ден 1 500 шақырымға дейін, яғни 87,5%-ға артады.
 

Ақпарат 24.kz сайтынан алынды. 

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите