Кофе мен шайды тамақпен бірге ішуге бола ма? Зерттеу

Кофе мен шайды тамақпен бірге ішуге бола ма? Зерттеу

фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен клиникалық нутрициология зерттеулеріне сәйкес, тамақтану кезінде немесе тамақтан соң бірден шай мен кофе ішу ағзаға қажет минералдардың (әсіресе, темірдің) сіңуіне кедергі келтіреді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы baribar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ғылыми дәлелденген факторлар

Клиникалық зерттеулердің ресми қорытындылары мынадай нәтижелерді көрсетеді:

Шай құрамындағы таниндер мен полифенолдар: Шай құрамындағы осы белсенді заттар тағамдағы ағзаға сіңуі қиын темірмен (өсімдік пен көкөністердегі темір) араласы, ерімейтін қосылыстар түзеді. Зерттеулерге сәйкес, тамақпен бірге ішілген бір шыныаяқ қара шай темірдің сіңуін 60%-дан 80%-ға дейін азайтады.

Кофедегі хлороген қышқылы мен кофеин: Клиникалық тәжірибеде тамақпен бірге ішілген кофе ағзаның темірді қорытуын 39%-дан 60%-ға дейін азайтатыны анықталған. Кофеин кальций, магний және B тобындағы витаминдердің несеппен бірге ағзадан тез шығуына ықпал етеді.

Ресми медицина кімдерге ескерту жасайды?

ДДсҰ мен медицина қауымдастықтары мына санаттағы адамдарға асты шай/кофемен ішуге қатаң шектеу қоюды ұсынады:

  1. Қаны аз (анемиясы бар) жандарға: Қандағы гемоглобин мен ферритин деңгейі төмен адамдарға бұл әдет емнің тиімділігін азайтады.
  2. Жүкті әйелдер мен балаларға: Физиологиялық даму мен ағзадағы заңды өзгерістер кезеңінде темір тапшылығы қаупі артады.
  3. Вегетариандарға: Өсімдік тектес тағамдардағы темір ет өнімдеріне қарағанда қиын сіңетіндіктен, шай мен кофе бұл процесті одан ары нашарлатады.

Ғылыми негізделген ұсыныстар

1 сағат үзіліс жасаңыз

АҚШ-тың Тамақтану және диетология академиясы кофе немесе шайды тамақтан 1 сағат бұрын немесе тамақтанып болғаннан соң 1 сағаттан кейін ішуді ұсынады. Тамақтан 1 сағат бұрын немесе кейін ішілген сусын темірдің сіңуіне кері әсер етпейді.

Тамақпен бірге таза су ішіңіз

Асты қорыту процесінде бөлме температурасындағы таза су – ең қауіпсіз әрі бейтарап сусын.

C витаминін қабылдаңыз

Тағам құрамында С витаминінің (цитрус өнімдері, болгар бұрышы, киви) болуы полифенолдардың кері әсерін бейтараптандырып, темірдің сіңуін арттырады.

 

Ақпарат baribar.kz сайтынан алынды. 

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите