Ертең электрсамокатқа қатысты жаңа талаптар күшіне енеді

Ертең электрсамокатқа қатысты жаңа талаптар күшіне енеді

фото: pixabay.com

Электросамокаттарға қатысты жаңа талаптар: Алматыда 25 тамыздан бастап не өзгереді



25 тамыздан бастап Алматыда электросамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Алматы полициясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жолдың жүріс бөлігімен тек 18 жастан асқан, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі және қорғаныш дулығасы бар азаматтарға жүруге рұқсат етіледі. Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану міндетті.

- Негізгі өзгеріс – электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен қозғалуына тыйым салынады. Бұл ретте жолдың жүріс бөлігіне тек кәмелетке толған, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі және қорғаныш дулығасы бар азаматтар ғана шыға алады, – деп атап өтті Әбдінұр Тасыбаев.

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелінен өткенде самокаттан түсіп, оны жаяу алып өту қажет.

Прокат электросамокаттары тіркеу нөмірлерімен және міндетті сақтандырумен қамтамасыз етілуі тиіс. Кикшеринг компаниялары олардың техникалық жағдайын, жылдамдығы мен орналасқан жерін бақылауға міндетті.

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите