Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты (АҚШ) 3:0 және Эндрю Цаоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді.
ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен ұтып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирде чемпион атанды.