"400 грамм үшін": жолаушыны ұшақтан түсіріп, рейс екі сағатқа кешіккен

"400 грамм үшін": жолаушыны ұшақтан түсіріп, рейс екі сағатқа кешіккен

фото: kz.kursiv.media

Әлеуметтік желі қолданушы FlyArystan әуе компаниясын 1 адам үшін 200 жолаушыны ұшақтан түсіріп, рейсті екі сағатқа кешіктірді деп айыптады деп жазады Standard.kz порталы  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отыра. 

Threads қолданушысының мәліметінше, Алматыдан Астанаға бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының кешкі FS7063 рейсі 1 жолаушы үшін екі сағатқа кешіккен. Жолаушылардың бірінің қол жүгіне қатысты туындаған дау оның ұшақтан түсірілуімен аяқталған.

Сонымен қатар қауіпсіздік талаптарына сәйкес, ұшақтағы 200 жолаушының барлығы ұшақтан түсіріліп, әуе кемесін қайтадан толық тексеруге тура келген.

"FlyArystan, бұл жалпы қалыпты жағдай ма? Бір жолаушының қол жүгі белгіленген нормадан небәрі 400 грамм асып кеткені үшін 200-ден астам жолаушысы бар бүкіл ұшақты 50 минутқа жуық бортта ұстап, рейсті екі сағатқа кешіктірді. Оның үстіне жолаушы осы 400 грамм үшін қажетті 11 мың теңгені төлеп қойған. Осыдан кейін бізді ұшақтан түсіріп, қайтадан тексеруден өтуге жіберді", – делінген жазбада.

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите